Tuesday, 22 October,2024

Талдықорғанда 25 жастағы қыз көпірден секіріп кетті

Uaqyt.info
Фото видеодан кадр

Талдықорғандағы Қаратал өзеніне секіріп кеткен 25 жастағы қызды полицейлер құтқарып қалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Оқиға 1 мамырда болған. 25 жастағы қыз көпірден секіріп, өз-өзіне қол салмақ болған. Құдай сақтағанда, оны полицейлер дер кезінде құтқарып үлгерді. Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қыздың неліктен мұндай қадамға барғаны тексеріліп жатыр.

"Қызды бекініске жеткізген полицейлер алдын ала әңгіме жүргізумен шектеліп, кейін туыстарына тапсырған. Қыз мұндай әрекетке не себепті барғаны анықталып жатыр", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Ұсынылатын