Талдықорғанда 3 жасар баланы ұрып өлтірген күтуші қыз 10 жылға сотталды
                     Uaqyt.info 
                    
  
                    
  
                
                
                         Фото pixabay
                                                        Талдықорғанда кішкентай баланың өмірін қиған 24 жастағы тұрғын 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Жетісу облыстық соты баспасөз қызметінің өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров мәлімдеді.
«Кінәні жеңілдететін мән-жағдайларды, яғни сотталушының бұрын сотты болмағандығын, шын жүректен өкінуін, жәбірленушінің оны кешіруін және кінәні ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, сот сотталушыға 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді», - деді Нұрсұлтан Орынбасаров.
Айта кетейік, жантүршігерлік жағдай 2022 жылдың қыркүйегінде болған еді. 23 жастағы күтуші қыз 3 жастағы баланы ұрып, сәби ауруханаға түседі. Алайда басынан ауыр жарақат алған баланың өмірін ақ халаттылар сақтап қала алмады.
            


