Талдықорғанда 32 жастағы мотоцикл жүргізушісі қарт адамды қағып өлтірді
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Талдықорғанда түн мезгілінде мотоцикл тізгіндеген жүргізушісі адам қақты. Зардап шегуші түрлі дене жарақатынан көз жұмған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Жетісу облыстық полиция департаменті дерегіне сүйенсек, оқиға тамыздың 4-нен 5-не қараған түні тіркеліпті. Назарбаев даңғылының бойында мотоцикл тізгіндеген ер адам 52 жастағы тұрғынды қаққан.
"Honda CBR 600FA маркалы мотоциклді 32 жастағы ер адам жүргізген. Ол марқұм болған жолаушының рұқсат етілмеген жерден өткенін айтып отыр. Түрлі дене жарақатын алған жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер барын салғанымен, ер адамды өлім құшты", - деп жазылған ПД таратқан ақпаратта.
Аталған дерекке сәйкес, қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тексеріліп жатыр.