- Басты жаңалықтар
- Қылмыс
- Талдықорғанда білім бөлімі бас есепшісінің үйін тінту кезінде 1 миллиардқа жуық ақша табылды
Талдықорғанда білім бөлімі бас есепшісінің үйін тінту кезінде 1 миллиардқа жуық ақша табылды
Талдықорған қалалық білім бөлімі бас есепшісі ұсталды. Оның үйін тінту кезінде 1 миллиардқа жуық ақша табылған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
48 жастағы қызметкер қомақты қаржыны жиып, қашпақ болған. Бірақ тінту кезінде үйінен 1 миллиардқа жуық ақша табылды. Оның басым бөлігі шетел валютасымен сақталған. Сонымен қатар, одан құжаттар мен жылжымайтын мүліктің кілттері тәркіленді. Оның ішінде 14 пәтер, жеті коммерциялық үй, 2020 жылғы Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігі және зергерлік бұйымдар бар.
Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл деректі растады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Талдықорғандағы білім бөлімі қызметкерлерінің мемлекеттік бюджет қаражатын ұрлауы бірнеше жыл бойы тұрақты жалғасқаны анықталды. Мемлекет қаржысы осы салада жұмыс істемейтін азаматтарға әзірленген схема бойынша аударылып отырған.
Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.