Sunday, 24 November,2024

Талдықорғанда ер адам сүйіктісіне пышақпен шабуылдап, тамағын кескілеп тастады

Uaqyt.info
Фото

Талдықорғанда ер жігіт бұрынғы сүйіктісін өлтірмек болды. Ол 28 жастағы қыздың тамағын пышақпен тілгілеп тастаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қызға шабуыл жасаған қаскөйдің әрекеті бейнебақылау камераларының біріне түсіп қалған. Онда ер адамның қызды тұншықтырып жатқанын көруге болады. Содан кейін ол жәбіренушіге бірнеше рет пышақ ұрады да, оқиға орнынан ізін суытады. Жетісу облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті ұсталып, қамауға алынды.

"Қазіргі уақытта күдікті полицияға жеткізілді. Тергеуші істі "Адам өлтіруге оқталу" санатына ауыстыру туралы қаулы шығарып, прокурормен келісілген. Тергеуді облыстық Полиция департаменті ерекше бақылауға алды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Ұсынылатын