Sunday, 8 September,2024

Талдықорғанда қыз зорлады деген полиция бастығының соты басталды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Қыз зорлады деген күдікке ілінген Талдықорған қалалық полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевқа қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

«Талдықорған қалалық соты ҚР Қылмыстық кодексі 120-бабы 2-бөлігінің 5-тармағымен айыпталған күдікті К-ға қатысты қылмыстық істі қарауды бастады. Процесс жабық режимде өтіп жатыр», -  делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетейік, Марат Күштібаев өз кабинетінде қыз зорлады деп айыпталған болатын. Қоғамда резонс туғызған қылмыстық дерек былтыр қараша айында болған еді.

Ұсынылатын