Sunday, 8 December,2024

Талдықорғанда той кортежі 13 жастағы жасөспірімді қағып кетті

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Талдықорғанда той кортежі мопед тізгіндеген 13 жастағы баланы қағып кетті. Көп жарақат алған жасөспірім ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жасөспірімді қағып кеткен сәттің бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Видеодан жеңіл көліктің қатты келе жатқанын байқайсыз. Көп ұзамай көше қиылысынан атып шыққан мопедшілердің алдыңғы легін көлік қағады.

Кейіннен белгілі болғандай мопедті 13 жастағы жасөспірім жүргізгенң анықталды. Оны оқиға орнынан жедел жәрдем көлігі алып кетті.

Ал полицияда бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Әрі жол апатының қаладағы Абылайхан мен Сланов көшелерінің қиылысында соқтығысқанын айтты.

"Сараптамалар жасалады. Көліктер арнайы тұраққа қойылды. Тергеу барысында иномарка жүргізушісіне қатысты "келуге міндеттеу" процестік мәжбүрлеу шарасы белгіленді", - делінген полиция ақпаратында.

Ұсынылатын