Талдықорғанда топ бала жасөспірімді жабылып ұрып кетті
Алмас Абылай

Талдықорғанда топ бала бір жігітті жабылып ұрған. Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Видеода алдымен сөз таластырып тұрған топ жігітті байқайсыз. Мұнан кейін бірі екінші жасөспірімнің бетіне жұдырық жұмсайды. Ары қарай қасындағы бірнеше жігіт оған жабыла кетеді.
"Тыныш кетіп бара жатқан баланы ұрып кетті деп жатыр. Полициядан шара қолдануды сұраймыз", - делінген бейнежазбаға.
Сондай-ақ, оқиғаның Талдықорған қаласында болғаны да айтылады.