Monday, 16 September,2024

Талдықорғанда ұлын суық сарайда қамап ұстаған келіншек ата-ана құқығынан айырылды

Uaqyt.info
Фото Видеодан кадр

Анасынан қорлық көрген 9 жастағы бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына уақытша орналастырылған. Оның жағдайы білім басқармасының бақылауында, деп хабарлайды Uaqyt.info Информбюроға сілтеме жасап.

Бұл сұмдық жайтты екі апта бұрын Жетісу облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жалпақ жұртқа жариялаған болатын. Полиция отбасының тұрмыс жағдайын тексере келе екі баланың адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп келгенін анықтаған.

Ішімдікке салынған Светлана Лебедева бауыр еті баласын үнемі ұрып, білектің күшімен тәртіпке салып отырған. Судья осы деректерді негізге алып, шешім шығарды. Әйелден енді ай сайын алимент өндірілетін болды.

“Сот баланың құқықтары туралы конвенсияға сәйкес ата-аналар баланың тәрбиесі мен дамуына, ең жақсы мүдделеріне жауап беруіне, бала олардың негізгі қамқорлығы болып табылатындығын басшылыққа ала отырып, кәмелеттік  жасқа толмағанның мүддесі үшін жауапкершілікті ата-ана құқықтарынан айыру туралы талапты қанағаттандырды. Сот шешімімен олардан баланы күтіп-бағуға алимент өндіріледі. Алимент баланың атына ашылған депозит шотқа аударылатын болады”, - деді Жетісу облыстық сотының ресми өкілі АЗАМАТ МҰХТАРҰЛЫ.

 

 

 

Ұсынылатын