Sunday, 24 November,2024

Талдықорғанда жедел жәрдем көлігінің қатысуымен болған жол апатында ер адам қайтыс болды

Uaqyt.info
Фото Polisia.kz

Оқиға 30 қазанға қараған түні Талдықорғанның орталығында Audi 80 және Hyundai Solati автокөліктерінің қатысуымен болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

54 жастағы жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Балпық би көшесімен келе жатып, жол жиегінде тұрған Audi көлігімен соқтығысады.

Соққы кезінде неміс шетелдік көлігінің 37 жастағы жүргізушісі жолаушысымен бірге көліктің артқы дөңгелегін ауыстырып жатқаны алдын ала анықталды.

Жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Сондай-ақ 36 жастағы ер адам түрлі дене жарақаттарымен аурухананың реанимация бөліміне жатқызылды.

Қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлімінде көзделген тергеу амалдары басталды. Қылмыстық істі тергеуді облыстық полиция департаменті бақылауға алды.

Ұсынылатын