Friday, 20 September,2024

Талдықорғанда жүк көлігі үш жасар баланы мыжып өлтірді

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Талдықорған қаласы Көктал шағын ауданында жүк көлігі үш жасар баланы қағып кетті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Аталған факті 3 мамырда Көктал шағын ауданында болды. Онда 3 жасар бала ГАЗ-53 жүк көлігінің астына түсіп, оқиға орнында қайтыс болды.

Жүк көлігін 43 жастағы ер адам басқарған. ЖКО-ның мән-жайын қалалық полиция қызметкерлері анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Көлік арнайы тұраққа қойылды.

Ұсынылатын