Sunday, 24 November,2024

Талдықорғандағы әскери әуебазасында бір әскери қаза тапты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Талдықорғандағы әскери әуебазасындағы төтенше жағдайдан бір адам мерт болып, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, төтенше жағдай 15 тамызда болған. Талдықорған авиациялық базасында жауынгерлік ұшақты ұшуға дайындау кезінде оқ-дәрілер өздігінен қозғалып кетіп, екі адамды мертіктірді.

Алған жарақаттан бір адам көз жұмса, екінші әскери қызметкер түрлі дене жарақатын алды. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпараттар жариялауға жатпайды.

Қарулы Күштердің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.

Ұсынылатын