Thursday, 19 September,2024

Талдықорғандағы мешітте аяқ киім ұрлаған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды

Uaqyt.info
Фото Видеодан кадр

Талдықорғандағы мешіттердің бірінде намаз кезін пайдаланып, құлшылыққа келген жамағаттың бірінің аяқ киімін ұрлап кеткен ер адам ұсталды. Полицейлер оны бейнебақылау камералары арқылы тапқан, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Қалалық полиция қызметкерлері 29 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Күдіктіні бейнебақылау камераларының көмегімен анықтауға мүмкіндік туды. Ұсталған адам ұрлыққа қатысын жоққа шығармайды, кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініп отыр”, – деді Талдықорған қаласы полиция басқармасының бастығы Ернар Ширбаев.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Ұсынылатын