Friday, 22 November,2024

Талдықорғандық тұрғынның үйіндегі жертөледен 2,5 келіге жуық гашиш табылды

Uaqyt.info
Фото Polisia.kz

Жетісу полицейлері арнайы операция жүргізіп, нәтижесінде заңсыз айналымнан 2,5 келіге жуық гашиш тәркіленді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Polisia.kz медиа-порталының жазуынша, есірткі 46 жастағы ер адамға тиесілі жеке үйдің жерқоймасынан табылған.

“Ұсталған ер адам бұрын жауапқа тартылмаған және жақында ғана полицияның назарына ілікті. Рұқсат етілген тінту кезінде оның үйіндегі еден астынан полиэтилен пакетке салынған салмағы 2 келі 478 грамм гашиш табылды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды”, – деді Жетісу облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Ұсынылатын