Saturday, 23 November,2024

Талғар ауданындағы мал қорымында өлтірілген иттердің бейнежазбасы тарады

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Алматы облысы Талғар ауданындағы өлген иттердің бейнежазбасы қоғамда қызу талқыға түсті. Белсенділер ит өлтірушілердің әрекетін арнайы таспаға басып алған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жантүршігерлік бейнежазба желіде тарады. Видеода ит аулаушылардың жануарды арнайы қорымға тастап жатқанын көруге болады. Тіпті басын қалдырып, терісін сыпырып алған.

Бұл бейнежазба қоғамда қызу талқыға түсті. Бірі аяушылық жоқ деп сынға алса, енді өзгелері мамандар ісіне бұлай араласудың қажеті жоқ дегенге тоқталыпты.

"Масқара, обал ғой. Неге сонша қырып тастаған иттерді". "Жауыздар. Иттi катыгездiкпен өлтiрiп, сатудан Кытайдан асып түстiңдер". "Дұрыс, бұл жануарлар қаншама адамға қауіп келтірді, зиянын тигізді. Олардың жұмысына араласпаңдар". "Қоғамда бұлай шу туғызудың қажеті жоқ. Олар өз жұмысын істеп жүр", - деген жазбаларын қалдыруда желідегі жұрт.

ЕСКЕРТУ: ВИДЕО +18 АРНАЛҒАН

 

Ұсынылатын