Sunday, 8 September,2024

Талғарда дәрігерлерді ұрып, мәйітті ұрлағандар ұзақ жылға сотталуы мүмкін

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Талғарда дәрігерлерді ұрып, мәйітті ұрлағандар 12 жылға сотталуы мүмкін. Олар қазір уақытша ұстау абақтысына қамалған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Ернар Сайдильдин мәлімдеді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігіне сәйкес денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін мүлкі тәркіленіп немесе 8 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қылмыстық іс облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деді Ернар Сайдильдин.

Естеріңізге сала кетейік, әкесінің қазасын естіген марқұмның ұлдары дәргерлерді соққыға жығып, артынан мәйітті ұрлап кеткен болатын. Бұл туралы Uaqyt.info бұған дейін жазды.

Ұсынылатын