Thursday, 19 September,2024

Талғарда екі бала әжетхана шұңқырына құлап кетті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Талғар ауданындағы Амангелді ауылында екі бала әжетханаға тесігіне құлап кетті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

ТЖД мәліметінше, шұңқырға алдымен 3 жасар бала құлаған. Оны әкесі 10 жастағы қыздың көмегімен шығармақ болыпты. Бірақ екеуінің салмағын көтере алмай, құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болған.

"Оқиға орнына жеткенде 2020 жылы туған бала шұңқырға (әжетхана) құлап кеткені, ал әкесі оны құтқару үшін 2013 жылы туған қызын арқанмен шұңқырға түсіргені анықталды. Бірақ ол екі баланы шығара алмаған. Сағат 18:54-те үш қызметкер мен ТЖД техникасының күшімен балалар шұңқырдан шығарылды. Жедел жәрдем бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсетті", - деді құтқарушылар.

Ұсынылатын