- Басты жаңалықтар
- Шоу-бизнес
- “Тамақ істей алмайды”. Гүлзира Айдарбекова Жұлдыздың қандай келін екенін айтты
“Тамақ істей алмайды”. Гүлзира Айдарбекова Жұлдыздың қандай келін екенін айтты
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбукәрімова туралы ел білмейтін шындықты айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Жұлдыз келін болып түскенде, 19 жаста болды. Ал Қайрат 18 жаста еді. Келін бөтен үйге келгенде ештеңе білмей келеді. Үйрету біздің парызымыз. Бірінші келген кезінде қызықтары көп болды. Қонақта отырсам, "Бірінші пияз салам ба? Ет салам ба?" деп хабарласты. Сөйтсем, Қайрат екеуі тамақ дайындайын деп жүр екен. Қазір тамақты өте дәмді дайындайды. Келіндердің барлығы солай. Келген кезде қиналады. Үй қызметшілері ауысқанда басқасын тапқанша арасында үзіліс болады. Сондай кезде өздеріне қиын болады. Негізі барынша қиналдырмауға, жағдайларын жасауға тырысамын. Нұрекең "Сен келіндерді жаман үйреттің. Үйдің шаруасын білмей қалады" дейді. "Менің көргенімді көрмей-ақ қойсын. Өздері білетін шығар. Түсінетін шығар" деймін. Біздің үйде міндетті түрде нан жабамыз. Келін біздің өміріміздің жалғасы. Сондықтан бәрін үйретуіміз керек. Ене барынша түсіндіруге тиісті”, - деді Гүлзира Айдарбекова "MOM’skий әңгіме" жобасына берген сұхбатында.