- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- “Тамаққа айына 200 мың теңге кетеді”. 11 баласы бар 40 жастағы әйелдің арманы не?
“Тамаққа айына 200 мың теңге кетеді”. 11 баласы бар 40 жастағы әйелдің арманы не?
Ақмола облысының Қосшы қалалық әкімдігіне қарасты Тайтөбе ауылында тұратын Болат пен Фатима 11 баланы дүниеге әкелген, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Көпбалалы отбасыны Youtube-тегі «Сұрауы бар» бағдарламасы көрсетті. Болат пен Фатиманың Рахима, Мөлдір, Майра, Ақниет есімді төрт қызы және Алмат, Арыстанбек, Ілияс, Ғафур, Ғабиден, Бектемір, Нұрахмет есімді жеті ұлы бар. Отағасы Болат – 44 жаста. Ол бала-шағасын көмір сатып, қолындағы азын-аулақ малымен асырап отыр.
«Перзентханадан басында өзім шығаратынмын, кейіннен өзі таксимен келе беретін болды. Шар байлап, шығын шығарып жатады ғой. Они бар адамдар жасасын. Ал мен сол кеткен ақшаға дастарханға жайып, солай күтіп алғаным дұрыс. Көмір сатамын, азын-аулақ малым бар. Төртеуі студент, екі қызым жұмыс істейді. Оның өзі маған көмек. Тіршілігімізді жасап отырмыз», - деді Болат.
Ал Фатима қолдан аяқ кий тігіп сатады екен. Ал балаларына түрлі тәттілерді дүкеннен емес, барлығын қолдан пісіріп беруге дағдыланған.
«Мен екі тамақ пісіремін. Бирі қою, екіншісі сұйық тамақ. Өйткені балалардың талғамы әр-түрлі ғой. Азық-түлікке айына 200 мың теңге кетеді. Көбіне барлығын қолдан әзірлеймін. Балаларымды жұмыртқа деп еркелетемін », - деді Фатима.