Thursday, 19 September,2024

"Тамырымен жұлып алды ғой". Тойда бес келіншекпен арқан тартысқан ер кісі ұятқа қалды

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Интернетте 5 әйелмен арқан тартысуға шыққан жалғыз еркектің әрекеті жұрт назарына түсті. Тіпті келіншектер әлгі ер адамды еденде біраз сүйреген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеода асабаның тойхана ішінде арқан тартыс жарысын ұйымдастырғанын аңғарасыз. Яғни бес әйелге қарсы жалғыз ер кісі шыққан. Бірақ әп-сәтте келіншектер ер адамды еденмен сүйреп кетеді.

Арқан тартыс. 5 әйелге қарсы бір дәу аға, - деп жазылған бейнежазбаға.

Десе де, желідегі жұрт бұл бейнежазбаны әзілге айналдырған. Бірі ер адамды "тамырымен жұлып алды" дегенді жазса, енді өзгелері "4 әйел аламыз дегендер, осыдан кейін ойланыңдар" деп әзіл-шыны аралас кеңесін жазып әлек.

Ұсынылатын