Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова ауруханаға түсті
Алмас Абылай
Фото instagram.com/moldir.auyelbekova/
Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова бүйрегі ұстап аяқ асты ауруханаға түсті деп хабарлайды Uaqyt.info.
Аяқ асты ауруханаға түскенін әнші әлеуметтік парақшасында жазды. Әрі 1 апта бойы концерттік шарада суықтап қалғанын түсіндірген.
"Осыдан бірнеше күн бұрын жедел жәрдеммен ауруханаға түстім. Бір апта далада өткен алаңдағы концерттерде жүріп әбден суық өтті. Содан бүйрегім ұстап, "приступ" беріп осындай хәлге түскенімді өзім байқамаппын", - дейді әнші.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауымен үйде емделуге сұранып шыққанына да тоқталған.