Танымал әнші өзінен алты жас үлкен, баласы бар әйелге үйленді
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Танымал әнші Ринат Шамшырақ өзінен алты жас үлкен әйелмен көңіл қосты. Ол қуанышты жаңалығын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
"Қош келдің өміріме. Шынайы тілек тілеп қойыңыздаршы, жақсылар" деп жазды әнші.
Айта кетейік, Ринат Шамшырақ көпшілікке қарындасымен дуэт айтып танылған болатын. Желі қолданушылары қос ғашыққа түрлі пікір жазып жатыр. Ондағылардың айтуынша, Аружан есімді гример келіншектің бір ұлы бар.