Sunday, 8 December,2024

Танымал әнші Қайрат Нұртастың басында қанша кредит бар?

Uaqyt.info
Фото

Танымал әнші Қайрат Нұртастың басында қанша несие бар? Белгісіз біреулер оның жеке мәліметтері арқылы әншінің қанша қарызы бар екенін анықтаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Әлеуметтік желіде тараған видео желі қолданушыларының арасында қызу талқыға түсті. Онда екі ер адамның банк терминалына Қайрат Нұртастың ЖСН нөмірін енгізу арқылы қанша кредиті бар екенін анықтағанын көруге болады. Айына атақты әнші банктердің біріне 165 мың теңге төлейді екен. Ол атына бірнеше несие рәсімдеген.

Видеодағы ер адамдардың кім екені әзірге белгісіз. Бірақ желі қолданушылары біреудің жеке өміріне қол сұққан олардың әрекетін сынап тастаған.

Не деген масқара! Мыналарды тауып алып жазалау керек. Бреудің Жсн-ын тауып алып елге жариялап отырсыңдар. Бұл қылмыс”, “Не болды сонша Қайраттың бір жерін шұқылап, олда адам алған болар. Аузы айға қараған дөкейлеріңде де, әншілеріңде де кредит бар”, “Біреудің мінін көргенше, жамандығын тергенше, өз қатеңді дұрыстап, өзіңмен алыс өлгенше депті ғой халқым”, “Ой қайыршы біреудің ИИН тексергенің үшін сені сотка беру керек! Сен сияқтылардан шығады ұрылар!, - деп жазды желі қолданушылары.

 

 

 

Ұсынылатын