Friday, 18 April,2025

Танымал блогер Damelya Sweet министрдің қызы ма?

Uaqyt.info
Фото

Танымал блогер Damelya Sweet кімнің қызы? Оның әкесінің қызметіне қатысты қоғамда түрлі жорамал бар, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бірі оны министр десе, бірі лауазымды қызметте істейтін шенеунік дейді. Алайда блогер көптің көкейінде жүрген сұраққа Ләйлә Сұлтанқызыға берген сұхбатына жауап берді. Оның айтуынша, әкесі ешқандай да мемлекеттік қызметте болмаған.

Мен кішкентай кезімде балабақшада “Дамелька-карамелька” деп атайтын. Үйде әкемнің ерке қызымын. Бірақ ата-анам тегімді жариялауды, әлеуметтік желіні ұнатпайды. Содан “Damelya Sweet” болып кеттім. Бірақ ол ешқандай құпия емес. Әкем – министр емес. Ондай қауесет қайдан шыққанын білмеймін. Адамдар әкемнің кім екенін, оның тегін тауып алды. Ол жалдамалы жұмысшы, компаниядағы қарапайым қызметкер. Бірақ адамдар бас директор болса, министр болып кетті деп ойлайды. Ол ешқашан мемлекеттік қызметте болмаған. Толық аты-жөні – Бектұрсынов Нұрлы Асылбекұлы. Бірінші рет айтып тұрмын. Негізі менің мақсатым – өз тегімді бірінші рет “Forbes-та” көрсету еді. Бірақ кейбір адамдар менің фамилямды, ата-анамның кім екенін TikTok желісіне салып, менің арманымды бұзды. Анам – жоғарғы математика пәнінің оқытушысы, әкем – инженер”,, - деді блогер.

Ал интернет беттерінде Бектұрсынов Нұрлы Асылбекұлы туралы түрлі ақпарат бар. Онда блогердің әкесі 1960 жылы 10 қыркүйекте Шымкент облысы Ленин ауданының Тоғансай станциясында туғаны жазылған. Сондай-ақ 2000 жылдан - Оңтүстік аймақтық телекоммуни- кация дирекциясы бас директорының бірінші орынбасары - дирекцияның техникалық директоры. 2002 жылдан - Оңтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы бас директорының орынбасары - техникалық директоры. 2006 жылдан бері - Оңтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясының бас директоры болғаны айтылған.

 

 

 

Ұсынылатын