Танымал блогер көз жұмды
Алмас Абылай
Фото gazeta.uz
Өзбекстандық танымал блогер көз жұмды. Ол 19 шілде миына операция жасалған соң қайтыс болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
gazeta.uz дерегіне сүйенсек, Asad Algo лақап атымен танымал өзбекстандық 20 жастағы блогер Асадбек Арзикулов көз жұмған. 19 шілдеде ол "жабық бас миының жарақаты, мидың шайқалуы, субдуральды бас гематомасы, мойын гематомасы, екі тізе және екі шынтақ көгеруі" диагнозымен республикалық жедел медициналық көмек ғылыми орталығына жеткізілген. Бірақ ақ халаттылар оның өмірін құтқара алмады.
Қазіргі уақытта өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сондай-ақ Ташкент ІІБ Асадбек Арзикуловтың қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.