Танымал мобилографтың үйі қанша млн доллар тұрады?

Танымал мобилограф Қыран Талапбек зәулім үйін көрсетті. 500 шаршы метр болатын екі қабатты баспананың құны 1,5 миллион доллар тұрады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Қыран Талапбек блогер Бейбіт Әлібековке берген сұхбатында айтты. Оның айтуынша, зәулім үйде ата-анасы, әйелі және бауыры тұрады екен. Баспана бірнеше жатын бөлмеден және қазақи нақышта жасақталған қонақ күтетін ғажап залмен жабдықталған.
"Бұрынғы үйімізді саттық. Ақшамыз тек жер алуға жетті. Бұл үйдің көлемі 10 сотық. Бұл жерде ескі үй болды. Оны сүріп тастадық. Өте көп қаражат жұмсадық. Менің есептеуімше, 1,5 млн доллардан көп кетті. Үй 500 шаршы метр", - деді Қыран Талапбек.
Сондай-ақ мобилограф бағдарлама жүргізушісіне өзінің көлік тұрағын көрсетті.
"Бес көлік бар. Біреуі - әкемдікі, біреуі - менікі, біреуі - жұбайымдыкі. Тағы біреуі ұтысқа қойған көлігіміз. Оны кейде мен, кейде інім айдайды", - деді Қыран Талапбек.
Айта кетейік, Қыран Талапбек әнші Жанар Айжанованың қызы Айжұлдызбен ажырасқаннан кейін актриса Гүлзада Тұрлашқа үйленген болатын.