Saturday, 23 November,2024

"Проходной двор". Танымал ресейлік теннисші Қазақстан азаматтығын алды

Uaqyt.info
Фото

Ресейлік спортшы енді Қазақстанның намысын қорғайды. Теннисші Александр Шевченко азаматтық алғанын әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

ОСЫ БІЗГЕ КЕРЕК ПЕ?

Ресейлік спортшының елге келгені көп адамға жақпады. Журналист Аслан Қажен өзінің Fаcebook-тегі парақшасында бұл туралы былай деп пікір жазды.

"Бұл жігіттің бізге келгенінен ешқандай плюс көріп тұрғаным жоқ. Онсыз да ұлттық құрамамыз ресейлік және украиналық легионерлерден тұрады. Енді-енді есімізді жинап, еңсемізді тіктеп, қазақ қыз-жігіттеріне жол ашылады деп отырсақ. Жоқ, тағы легионер алып келу керек. Қазақстан теннис федерациясының өзі инста парақшасында «Қош келдің, Александр!» деп, ерекше құрмет көрсетіпті.

Бір қызығы, оның азаматтық ауыстырғанына ресейлік жанкүйерлер де, қазақстандық жанкүйерлер де риза емес. Бұған қоса, біздің спортқа жауапты министрлік шетелден топырлатып атлеттер әкелгенді құптамайды. Мен оны басшыларымен сөйлескен кезде анық аңғардым. Бірақ, отандық теннис федерациясы бәрібір білгенін істеп жатыр. Олардың қандай қақы бар? Неге көк паспорттың қадірін сонша кетіреді? Неге елімізді кім көрінген кіріп-шыға алатын «дворға» айналдырады?", - деп жазды журналист.

 

 

 

Ұсынылатын