Танымал журналист бұрынғы сүйіктісін сотқа бермек
Танымал тележүргізуші Анна Данченко бұрынғы жігітін сотқа берді. Оның айтуынша, сүйіктісі қарызға ақша алып, қайтармай кеткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Анна өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Онда тележүргізуші бұрынғы жігітіне ақша беремін деп опық жеп қалғанына тоқталған.
“Шыдамның да шегі бар. Үндемедім. Күттім. Сотқа жүгінуден басқа амалым қалмады. Бұрын жүрген жігітім ағасының еміне қарызға ақша сұрады. Екі аптадан кейін қайтарамын деп. Ол кезде біз бірге едік. Екі жыл өтті. Жақында ғана "анамның еміне қажет ол ақша" деп сұрадым. Оған бәрібір екен менің анамның денсаулығы. Әкемді жерлейтін кезде де өз ақшамды сұрадым. Қайтармады. Енді сұрасам маған қоқан-лоққы жасап жатыр. Енді сұрақ, жігіт маған қарыз, оның үстіне бопсалайды. Бұл дұрыс па? Нағыз ер жігіт осындай әрекетке бара ма? Сотта кездесеміз дедім, күлді", – деп жазды журналист.