Friday, 22 November,2024

“Тарақандар өріп жүр”. Алматыдағы аты дардай дәмхана сынға қалды

Uaqyt.info
Фото Коллаж/uaqyt.info

Алматы тұрғыны қаладағы дәмханалардың бірінде тарақандардың жүргеніне қынжылыс білдіріп, санитарлық талаптарды сақтамаған асханаға тексеріс жүргізу керектігін айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Degirmen” асханалар желісінің бірінде болған жайттың видеосын Uaqyt.info ақпараттық порталына куәгерлердің бірі жіберді. Онда дәмхананың ішінде жүрген тарақандарды көруге болады. Бейнежазба авторы зиянкестердің кесірінен ауызашарда аш қалдық дейді.

“Абай мен Гагарин көшелерінің қиылысындағы Degirmen-де болдық. Тәп-тәуір тамақ ішіп отырған жерімізден тарақандарды көріп, ыңғайсыз жағдайға қалдық. Тарақандарды білесіздер, тамаққа көп кіреді. Сондықтан да бұл жерге бір тексеріс керек секілді. Халал деген сертификаты да бар екен, - деді видео авторы.

Осы мәселеге байланысты Uaqyt.info тілшісі “Degirmen” дәмханалар желісіне хабарласты. Өзін Құран Майрамов деп таныстырған дәмхана әкімшісі қоғамдық орында тарақандардың бар екенін жоққа шығармады.

“Әр ай сайын дезинфекция жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Біздің астымызда жертөле бар. Сол себепті қанша тазалықты сақтағанымызбен, тарақандардың көзін толық жойып тастау мүмкін болмай тұр. Әйтпесе, үш ай бұрын ғана дәмхана күрделі жөндеу жұмыстарынан өткен болатын”, - деді Құран Майрамов.

Ұсынылатын