Таразда 12 жасар бала әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен
Uaqyt.info
Фото Polisia.kz
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жасы кәмелетке толмаған баланың Subaru автокөлігін басқарған бейнежазбасы анықталды, деп хабарлайды, Uaqyt.info.
Telegram-дағы Polisia.kz арнасының жазуынша, автокөлік иесі анықталды. Көлік есінің айтуынша, баласы көлікті рұқсатсыз айдап кеткен. Оның бейнежазбаны әлеуметтік желіге салғаны туралы білмеген. Баланың әкесі ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 АЕК айыппұл салынды. Көлік арнайы айыптұраққа қойылды.