Friday, 20 September,2024

Таразда алғаш рет аяқтың тамырларын реваскуляризациялау жүргізілді

Uaqyt.info
Фото Коллаж/uaqyt.info

Тараз қаласының кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығында өткізілген шеберлік сыныбы  аясында алғаш рет екі пациентке баллонды ангиопластика, реканализация және  аяқтың тамырларын стенттеу бойынша жаңа технологияға негізделген операциялар жүргізілді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Атеросклероздың, қант диабетінің және тамырлы люменнің тарылуына әкелетін және басқа да аурулардың салдарын емдеу үшін қолданылатын хирургиялық түзетудің бұл әдістері бұрын-соңды Жамбыл облысында жасалынбаған.

Дәрігерлердің айтуынша, 1950 жылғы азамат жүрген кезде сол жақтағы балтыр бұлшықеті аймағында аяқтың ауырсынуына, сондай-ақ, ұйқышылдық, салқындау сезіміне шағымданған. Ол соңғы 3 ай ішінде ол аурудан көп қиыншылық көріпті. Орталықта оған артериографиясын жүргізу кезінде сол жақтағы сыртқы мықын артериясының жалпы окклюзиясы анықталды.

Сөйтіп науқасқа аяқтарының тамырларының  облитеративті атеросклерозы деген диагноз қойылады. Сол жақтағы сыртқы тамыр артериясының жалпы окклюзиясы анықталған оған  сол жақ жамбас артериясы арқылы ретроградтық (қарама-қарсы) қол жеткізу арқылы  сыртқы мықын артериясын реканализациялау және стенттеу жүргізілді.

Шеберлік сыныбы сәтті өтті. Отадан  кейінгі кезең тегіс өтіп, аяғына келген жылуды сезінген ол тіпті  өзінің жеңіл сезінілуін де  байқайды. Операциядан кейінгі күні-ақ лд белсенді қимылдап, жүріп кетті. Бүгінде үйіне сауығып, ауырсыну синдромынсыз шығарылған оның дәрігерлерге деген алғысы шексіз.

Ұсынылатын