Thursday, 19 September,2024

Таразда көпқабатты үй өртеніп, бір адам қаза тапты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Таразда көпқабатты үйден өрті шыпы, соның салдарынан бір адам көз жұмды. Күйік шалған тағы үш адам ауруханада жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Облыстық ТЖД ресми өкілі Карина Карташованың айтуынша, оқыс тілсіз жау төртінші қабаттағы пәтерде болған. Денесінің 30 пайызын күйік шалған әйелдің жансақтау бөліміне түссе, ал оның баласы 15 пайыз жарақатпен палатада ем қабылдап жатыр. Сондай-ақ өртті сөндіру кезінде Төтенше жағдайлар қызметкері жеңіл күйік алған.

“Өрт болған кезде үйдің 50 тұрғыны далаға шығарылды. Оның 20-сы бала. Оқиға орнында 1981 жылы туған ер адамның денесі табылды. Қазір оқиғаның себеп-салдары мен шығын көлемі анықталып жатыр”, - деді облыстық ТЖД ресми өкілі Карина Карташова.

Ұсынылатын