Saturday, 23 November,2024

Таразда оқушы қыз құрбысын пышақтап тастады

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Таразда 9-шы сынып оқушысы сыныптас құрбысына пышақ жарақатын салды. Жәбірленуші мойын тұсынан жарақат алған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Құдай сақтағанда пышақ жарақатын алған оқушы қыз аман қалды. Дәрігерлер оның кесілген мойнын тігіп, үйіне жіберген. Ал күдікті психикалық диспансерге жатқызылған.

"Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлерімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Басқа мәлімет Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы бойынша жариялауға жатпайды", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті өкілдері.

 Қалалық білім басқармасының мәліметінше, осы оқиғадан кейін мектеп директоры мен психолог жұмыстан кеткен. Өйткені күдікті қыздың тарапынан осындай әрекеттер бұрын да болғанға ұқсайды.

"Күдікті қыз бір емес, бірнеше рет осындай ықтимал іс-әрекеттерге барған. Бізге ешқандай ақпарат түскен жоқ. Қазіргі таңда мектеп директоры мен психологы өз еркімен жұмыстан кеткен", - деді қалалық білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова.

Ұсынылатын