Thursday, 14 November,2024

Таразда қорқор шеккендер әкімшілік жауапқа тартылуда

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Жамбыл облысы ПД бастығының нұсқауына сәйкес, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» заңға енген өзгерістер бойынша полиция қызметкерлерімен Тараз қаласы аумағындағы көңіл көтеру орындарында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Іс-шара барысында ҚР ҚК 301-1-бабымен (Шегілмейтін темекі бұйымдарының, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы) 7 дерек тіркелді.

Тексерілген ойын-сауық мекемелерінде, қоғамдық орындарда қорқор (кальян) тұтынуға тыйым салудың 18 бұзушылық дерегі анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.

— Рейд жүргізілген барлық ойын-сауық мекемелерінде кальян шегуге тыйым салу туралы ақпараттық парақшалар таратылды. Анықталған деректер Тараз қаласы бойынша тіркелген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірісіне қатысты сот-химиялық сараптама тағайындалған. Сараптама қорытындысына сәйкес,  түпкілікті процесуалдық шешім қабылданатын болады, —деді Тараз қаласы ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы полиция майоры Нұржан Керебаев.

Аталған бағыттағы рейдтік жұмыстар полиция қызметкерлерімен қала аумағында күнделікті өткізілуде.

Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарға мейрамханаларда, кафелерде, барларда және басқа да қоғамдық мекемелерде қорқор шегуге тыйым салынғанын, тұтынғаны үшін 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылғанын ескертеді.

Ұсынылатын