- Басты жаңалықтар
- Сот
- Таразда судья ұсталды: Сотталушыға жеңіл жаза тағайындау үшін қомақты пара алған
Таразда судья ұсталды: Сотталушыға жеңіл жаза тағайындау үшін қомақты пара алған
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Таразда №2 сотының судьясы ұсталды. Ол сотталушыдан 2 миллион теңге мөлшерінде пара алған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі дерегіне сүйенсек, сот әкімшілігінің қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп жасырын іс-шаралардың нәтижесінде Тараз қаласының №2 сотының судьясы 2 000 000 теңге сомасында пара алғаны туралы әшкереленді.
Судья сотталушыдан іс жүргізуде қылмыстық іс бойынша бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындағаны үшін ақшалай қаражат алды деп күдектелуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 550-бабының тәртібімен Қазақстан Республикасының Бас прокуроры сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім берді. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.