Saturday, 23 November,2024

"Таразэнергоцентр" АҚ-ның экс-төрағасына іздеу жарияланды

Алмас Абылай
Фото orda.kz

"Таразэнергоцентр" АҚ-ның бұрынғы басқарма төрағасы Бақберген Мәуленовке іздеу жарияланды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, кепілдікпен босатылған Бақберген Мәуленов із-түссіз қашып кеткен. Ол тіпті соңғы өткен сот отырысына да қатыспапты. Айта кетейік, қашқында жүрген күдікті мемлекетке тиесілі 4,3 миллиард теңгені жымқырды және жалған кәсіпорындар құрды деп айыпталған болатын. Өткен жылдың соңында оны сот кепілдікпен босатқан еді. Әзірге Мәуленовтің қайда қашқаны туралы ақпарат жоқ.

Ұсынылатын