Saturday, 23 November,2024

“Тарихта медаль таратумен аты қалатын министр”. Ғани Бейсембаев сынға қалды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың ұстаздарға қатысты айтқан мәлімдемесі қоғамда қызу талқыланып жатыр. Өз сөзінде министр ұстаздарға марапат пен атақ беру туралы пікірін айтады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Министрдің мәлімдемесін белгілі ұстаз Аятжан Ахметжан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында сынады.

“Мынадай сөз айту үшін…Оу қоғамды марапатпен алдап, атақұмарлыққа тәрбиелеуді доғарудың орнына мектепке апарайын дедіңдер ме? Мынаны естіп төбе шашым тұрып кетті…. Не масқара мынау? 50 мың Алтынсарин, 100 мың құрметті қызметкер таратасыңдар ма?

500 мың мұғалімге марапат тарату... Әй, бірдеме дейін десем Adil Sailaubek айтқан субординация бұзылып кете ме деп, Әділден ұялып отырмын). Марапат пен атесттацияның екі бөлек нәрсе екенін ажырата алмайтын адамның министр болғанын да көрдік ау… Тағы не көрсетесің оо, қатал тағдыр! Монтаж, өтірік деңдерші құдай үшін! Бұлай істеу масқара!”, - деді Аятжан Ахметжан.

Желі қолданушылары да министрдің мәлімдемесіне қатысты түрлі пікір жазған.

“Тарихта медаль таратумен аты қалатын министр деші... Нашар министр деп есептеймін. Салаға обал. Ұят осындай деңгейдегі министрдің отыруы”, “Атақ Орда базарын ашып алған ба?”, “ Әрбір марапатқа мұғалім лайықты! Әрбір ұстаздың өз орны бар, мектеп директорының марапатымен тоқтамайды, сатылап марапатталып отырады. Осы кезге дейін марапатты алмай дербес зейнетке шыққан мұғалімдердің үнін естігенде түсінесіздер!”, “Министр басымен таза қазақша сөйлей алмай тұр. Тәлпіш қыздар құсап орысша араластырып сөйлеп тұр. Бұл абырой ма сонда? "Автоматты түрде" деп дұрыстап айтса болады ғой”, “ Екінің бірінің үйінде президенттің алғыс хаты ілініп тұрған соң, басқасына не жорық... Әй, біз осы адам болмаймыз”, - деп жазды желі қолданушылары.

 

Ұсынылатын