Saturday, 18 May,2024

"Тарихтың елеулі кезеңі". Тұңғыш рет араб астронафты ғарышқа ұшты

Алмас Абылай
Фото

Тарих тарамдарына ғарышқа ұшқан араб астронафтының есімі де қосылды. Ол Біріккен араб әмірліктерінен ғарышқа ұшқан алғашқы адам, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Euronews агенттігінің мәліметінше Біріккен Араб Әмірліктерінің ғарышкері Сұлтан әл-Нейади ашық ғарышта NASA астронавты Стив Боуэнге қосылу үшін халықаралық ғарыш станциясының модулінен шықты. Әл-Нейадидің отаны ғарыштағы бұл саяхатты "тарихтың елеулі кезеңі" деп атады. Отандастары астронавқа "Ғарыш сұлтаны" деген ат қойды.

41 жасында Сұлтан әл-Нейади ашық ғарышқа шыққан алғашқы араб ғарышкері атанды. Ол алты айдан бері ХҒС бортында болды.

Станция модулінен шыққаннан кейін әл Нейади NASA-дағы әріптесімен бірге модульді энергиямен жабдықтау жүйесін жаңарту жұмысын атқарды.

Ұсынылатын