TAS Group жас кәсіпкерлерді қолдауға 115 миллион теңге бөлді
Қазақстан билігі шағын бизнесті отандық экономиканы дамытудың негізгі драйвері ретінде қарастырады. Қазіргі уақытта елдің ЖІӨ-сіндегі шағын және орта бизнестің үлесі 36,5%-ға тең*. Сондықтан Үкімет орта мерзімді перспективада ШОБ-ты қолдау үшін әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар әзірлеп жатыр. Мұндай істен TAS Group компаниялар тобы сияқты ірі кәсіпкерлер де сырт қалмайды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
2021 жылдан бастап компания жас кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсетіп келеді. Ол үшін «Assyltas Бизнес гранты» арнайы бағдарламасы іске қосылды. Ол қазір «Assyltas Business Help» деп өзгертілді. Бағдарламаның мақсаты — шағын кәсіпорындарды дамытуға 5 миллион теңгеге дейін қаражат беру.
«Басында біз өтеусіз гранттар беретін едік. Бірақ кейін бөлінген қаражатты пайдалануды бақылау кезінде кей жеңімпаздардың ақшаны жоғалтып алудан қорықпай, еш алаңсыз жұмсайтынын байқадық. Сондықтан екі жылдан кейін біз тәсілді өзгертіп, бағдарламаны жетілдірдік. Енді қаржыландыру қайтарымды, бірақ мүлдем пайызы болмайды деуге болады. Бұл жерде айта кететін жайт, TAS Group микроқаржы ұйымы, сондықтан заң бойынша пайызсыз қарыз беруге құқығы жоқ. Осыған орай біз сыйақының ең төменгі мөлшерін 0,01% деп белгілеуге мәжбүр болдық. Сондықтан бұл жеңілдетілген несие емес, төлемі ең аз қарыз деуге болады», — деп бөлісті идея авторы және бағдарлама құрылтайшысы Дулат Тастекей.
Конкурс шарттары бойынша бағдарламаға 18 жастан 35 жасқа дейінгі кәсіпкерлер қатыса алады. Кәсіпкерліктің қызмет түріне байланысты ешқандай шектеу жоқ. Бірақ салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қазақ тілін өркендетуге немесе дамытуға, мобильді қосымшалар жасауға немесе ұлттық өнерге байланысты жобаларға артықшылық беріледі.
Дулат Тастекей атап өткендей, «Assyltas Business Help» бағдарламасына қызығушылық жыл сайын артып келеді. Қатысушылар саны да үнемі ұлғайып, өтінімдердің сапасы жақсарып келеді. TAS Group-тан қайтарымды қаржылық көмек алу үшін қазақ тілінде презентация мен бейнеролик дайындау қажет. Онда жобаның әлеуметтік жағын ескере отырып, өз бизнесіңізді және даму жоспарын ұсынуыңыз қажет.
«Өз саламыздағы ірі ойыншылардың бірі ретінде біз де кезінде ең аз ресурстан бастадық. Мен де бір кездері жаңадан бастаған кәсіпкер болдым. Сондықтан жас кәсіпкерлердің өз кәсіпорындарын дамыту үшін арзан әрі ұзақ мерзімді құралдарға қол жеткізуі қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінемін. Енді TAS Group өз позициясын нығайтып, тұрақты холдингке айналғандықтан, мен ШОБ-қа көмектесуді өз міндетім деп білемін. Жалпы алғанда, TASCREDIT қызметінің бір бөлігі ретінде біз шағын және орта бизнеске жылдам микрокредиттер беру арқылы кассалық алшақтықтар мен басқа да қаржылық мәселелерді шешімен күнделікті айналысып келеміз. Алайда «Assyltas Business Help» дегеніміз — бұл бизнестің қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі туралы әңгіме. Өйткені шағын бизнес немесе жеке кәсіпкерлік экономиканы дамытудың, жұмыспен қамтудың және халықтың табысын арттырудың маңызды драйверлерінің бірі деп бекер айтылмаған. Бұл іс мультипликативті әсер береді: іспен неғұрлым көп адам айналысса, қылмыс соғұрлым тез азаяды және мемлекет дамиды, бұл өз кезегінде сіздің бизнесіңіздің дамуы үшін қолайлы ахуал туғызады», — деп қорытындылады Дулат Тастекей.
Жыл сайын «Assyltas Business Help» бағдарламасына TAS Group 50 миллион теңге бөледі. Ал байқаудың өзі жылына екі рет, яғни жылдың ортасында және соңында өткізіледі. Айтпақшы бөлінген қаржылық көмек 3 жыл ішінде тең үлестермен қайтарылуы керек. Түскен қаражат келесі кезеңдерде револьверлік негізде пайдаланылатын болады, сондықтан болашақта қаржыландыру көлемі артады.
Айта кету керек, «Assyltas Бизнес гранты» және «Assyltas Business Help» бағдарламалары пайда болғалы бері 40-қа жуық жас кәсіпкер қаржылай қолдау алды. Көмектің жалпы сомасы 115 миллион теңгеден асты. Бұл сома әлі де өсе бермек. Өйткені қайтарымды қаражат беру конкурсының кезекті кезеңі 2024 жылдың соңында басталады, ал жеңімпаздар Жаңа жыл қарсаңында жарияланады.
Бағдарлама туралы толығырақ assyltas.kz сайтынан біле аласыз.