Ташкентте өтетін әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды?
Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі Ташкентте өтетін әлем чемпионатында кімдер өнер көрсететінін айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Ұлттық құрама боксшылары Шымкентте оқу-жаттығу жұмыстарын өткізіп жатыр. Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов әлем чемпионатында шәкірттерінен зор үміт күтіп отыр.
«Әлем чемпионатына баратын үміткерлерді біз ұзақ уақыт әрі тиянақты іріктедік. Жыл басынан бірнеше оқу-жаттығу жиынын өткіздік, жігіттерді түрлі жарыстарға апардық. Әр боксшыға қатысты сараптама жасадық. Ссондықтан әрқайсысының шамасын білеміз. Әлем чемпионатына бірінші рет қатысатын 3 былғары қолғап шеберіміз бар. Олар жас болса да, тәжірибесі толысқан, бокс әлемінде алар орны бар. Халықаралық аренада намысты қолдан бермейді деген сенімдемін», - деді Мырзағали Айтжанов.
Сонымен:
48 келі - Санжар Тәшкенбай
51 келі - Сәкен Бибосынов
54 келі - Махмұд Сабырхан
57 келі - Серік Теміржанов
60 келі - Талғат Сырымбетов
63,5 келі - Санатәлі Төлтаев
67 келі - Дулат Бекбауов
71 келі - Асланбек Шымбергенов
75 келі - Нұрқанат Райыс
80 келі - Нұрбек Оралбай
86 келі - Сағындық Тоғамбай
92 келі - Айбек Оралбай
+ 92 келі - Қамшыбек Қонқабаев