Sunday, 8 September,2024

«Тәуелсіздік бәрінен қымбат». Президент қазақстандықтарды құттықтады

Uaqyt.info
Фото Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

 “Сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Бұл – халқымыздың мызғымас бірлігін айшықтайтын ұлық мейрам. Тәуелсіздік күні еліміздің азаттығын және жаңа тарихи кезеңде дербес даму жолына түскенін әйгілейді. Біз осы мерейлі мерекеде халқымыздың бостандық туралы арманын ақиқатқа айналдыруға өлшеусіз үлес қосқан ерлердің рухына тағзым етеміз. Азаттықтың арқасында еліміз жаңа белестерге қадам басты. Тәуелсіздігін жариялағаннан кейін ғана Қазақстан дипломатиялық тұрғыдан мойындалып, халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі ретінде таныла басталды. Тәуелсіздік бәрінен қымбат! Оны табысты әрі бақуатты мемлекеттің тірегі саналатын қастерлі құндылық ретінде көздің қарашығындай сақтау – ата-бабаларымыздың және келер ұрпақтың алдындағы қасиетті борышымыз”, - деді Мемлекет басшысы.

Ұсынылатын