Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Премьер-министр Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – егемен еліміздің шын мәніндегі басты мемлекеттік мерекесі. Өйткені қажырлы күрес пен жанкешті еңбектің арқасында қолымыз жеткен тәуелсіздік – көздің қарашығындай қорғалуға тиіс қастерлі құндылық. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған мемлекеттік саясат тәуелсіздік тұғырын нығайтуға бағытталған. Сондықтан біздің болашақ ұрпақ алдындағы басты парызымыз – осынау баға жетпес байлығымызды сақтап, ел ырысын еселей түсу үшін қолдан келгеннің бәрін жасау. Мерейлі мерекеде баршаңызға ашық аспан, мықты денсаулық, табыс және амандық тілеймін!, - делінген құттықтауда”, - деді Үкімет басшысы.