Тауға шықпаңыздар! Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүріп жатыр
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүріп жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
ТЖМ мәліметінше, тексеру жүргізу кезінде "Қазселденқорғау" мамандары Алматы облысы "Түрген – Батан”ауылы автожолының 23,4 шақырымында қар көшкіні болғанын анықтады. Өздігінен қар көшкінінің көлемі 187,5 м3 құраған.
Мамандардың айтуынша, қар көшкінінің түсуіне температураның жоғарылауы және таулардың баурайындағы қар жамылғысының едәуір қоры себеп.
“Зардап шеккендер мен қиратулар жоқ. Қар көшкіні Түрген-Батан автожолын жауып тастады. Автожолды тазалау жұмыстарын ЖАО жүргізуде. Алматы облысының тауларында көшкін қауіпті! Алдағы күндері тауға барудан бас тартуды ұсынамыз!!!”, - делінген хабарламада.