- Басты жаңалықтар
- Мәдениет
- "Таза ауа жұтып, далаға шығып жүрміз". Ақын Жүрсін Ерманның жағдайы айтылды
"Таза ауа жұтып, далаға шығып жүрміз". Ақын Жүрсін Ерманның жағдайы айтылды
Алмас Абылай
Фото instagram.com/kazyret_berdikhan/
Танымал ақын Жүрсін Ерманның денсаулығы жайлы замандастары жарыса жазуда. Олар айт кезінде үйіне барып қайтқан, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Жүрсін Ерман замандастары мен жақындарының өнердегі ізбасарларының амандаса келгенін әлеуметтік парақшасында жариялады. Видеода айтыскер ақын, қазіргі депутат Аманжол Әлтаевты, Асанәлі Әшімовті көруге болады.
Сонымен қатар Жүрсін Ерманның денсаулығына байланысты деректі Қазірет Бердіхан да жазған.
Айт күні айтысқа қатысы барлардың біразы Жүрсін көкеміздің шаңырағында бас қосты! Көкеміздің денсаулығы жақсарып, далаға шығып, таза ауа жұтып жүрміз, - дейді ол.
Желідегі жұрт ақынның қазіргі хәліне қуанып қалған. Бәрі дерлік Жүрсін Ерманға денсаулық тілеп, жылы лебіздерін қалдыруда.