Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Астанаға келді
Uaqyt.info

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Ақорда жазды.
Құрметті қонақты елорда әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.
Сапар аясында президенттер жоғары деңгейде екіжақты кездесулер өткізеді және Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері аясында өтетін шараларға қатысады деп жоспарланып отыр.