Saturday, 23 November,2024

Темекінің кесірі: Оралда ер адам үйінде тірідей жанып кетті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Оралда тұрғын үйде шыққан өрттің салдарынан 42 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

БҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт темекінің тұқылынан тұтанған.

«Сағат 04.03-те төрт пәтерлік бір қабатты үйде №2 пәтерде жеке заттар, төбе жақтауы мен шатыр отқа оранды. Өрт 70 шаршы метрді қамтыды. Асүйден 1981 жылғы пәтер иесінің мүрдесі табылды. «Тілсіз жауды» ауыздықтауға жеке құрамнан 21 адам 5 техникамен жұмылдырылды. Жалын сағат 05.05-те оқшауланып, 05.38-де толықтай сөндірілді. Аталмыш үй 1965 жылы салынған. Алдын ала мәлімет бойынша өрт отпен абайламаудан (темекі тарту кезінде) шыққан», деп хабарлады ведомстводан.

Ұсынылатын