Saturday, 23 November,2024

Теміртау мен Риддер тұрғындары тағы жылусыз қалды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Теміртаудағы ҚарГРЭС-1 сорғы станциясында болған апаттың салдарынан Теміртау мен Риддер тұрғындары жылусыз қалды. Әкімдік өкілдері қолайсыздық танытқаны үшін тұрғындардан кешірім сұрады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Жедел штаб құрылды. Қазір температура кестесі теңестіріліп жатыр. Техникалық бұзылыстарды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. "Қазіргі уақытта қазандық қондырғысы іске қосылды, жоспарланған температура кестесіне жету уақыты 23:00. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деді Риддер әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ұсынылатын