Friday, 17 May,2024

Теміртауда екі жастағы баланы өлтірген ер адам ұсталды

Uaqyt.info
Фото

Екі жасар баланы өлтіріп, іздеуде болған 24 жастағы күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Уақыт.кз

Telegram-дағы Polisia.kz арнасының хабарлауынша, жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 24 жастағы ер адам қолға түскен. Аталған дерек бойынша ҚК 99-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Теміртаудағы пәтерлердің бірінен кәмелет жасына толмаған баланың мәйіті табылғанын Уақыт.кз бұған дейін жазды.

Ұсынылатын