Saturday, 23 November,2024

Теміртауда ер адамды көлік қағып, мерт қылды

Uaqyt.info
Фото

Теміртауда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Соның салдарынан 40 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы жағдай 21 сәуірде болған. Чернышевский көшесінің бойында жолдың рұқсат етілмеген бөлігінен кесіп өтпек болғанда, «Hyundai Creta» көлігі 40 жастағы ер адамды қағып өлтіреді.

«Жол-көлік оқиғасының салдарынан 40 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында мерт болды. Аталған дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады. Полиция департаменті жол қозғалысы қатысушыларынан жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады», - деді баспасөз қызметіндегілер.

Ұсынылатын