Tuesday, 22 October,2024

Теміртауда көпқабатты үйді жармақ болған ер адам ұсталды

Uaqyt.info
Фото pixabay

Теміртауда газ балонымен жарылыс жасамақ болған 35 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Теміртау қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға 9 сәуірде сағат кешкі 19:00-дер шамасында болған. Жарылыс жасаймын деп қорқытқан ер адам туралы хабарламаны 102 пультіне куәгерлер түсіріпті. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары тұрғындарды эвакуациялап, жарылыс жасамақ болған ер адамды қолға түсірді. Ол бұл әрекетке ішімдіктің кесірінен барғаны анықталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұсынылатын